АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат –Ақтөбені қалық тұман басты. Облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілерін сақ болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақтөбе қаласында ауа райының нашарлауына (қалың тұман) және қала сыртындағы трассалардағы көктайғаққа байланысты Ақтөбе облысының полиция департаменті жүргізушілерге жолда мұқият болуды, қауіпсіз ара қашықты сақтауды, ауа райы жағдайларына сәйкес жылдамдық режимін таңдауды ұсынады. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қымзетінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, өткен тәулікте облыста 5 жол–көлік оқиғасы тіркеліп, 5 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.