Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін педагогика және медицина саласының қызметкерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Мерекелік шара кезінде мектеп, колледж директорлары ана туралы ән шырқады.
«Мерекеге орай тың ұсыныс түсіп, білім саласындағы ер адамдардың бәрі арнайы хорға дайындалды. «Анаға сәлем» әнін орындап, әріптестерімізге сый жасадық. Хорда ән айту үшін 2-3 күн дайындық жүрді. Өз дирижеріміз де бар. Нәзік жанды әріптестерімізге сый жасап, өзіміз де тамаша әсерге бөлендік. Біздің әнімізге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та қосылды», - деді мектеп директоры Юрий Құрманов.
Сонымен қатар, 12 көпбалалы анаға Алтын алқа, Күміс алқа тапсырды.