Алға ауданында замануи мектеп ашылды. Бұл мектептің жанында 100 балаға арналған интернат жұмыс істейді. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрылыс жұмыстарына 1,7 миллиард теңге жұмсалды.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым жастарға қамқорлық жасайды. Бәсекеге қабілетті, жоғары интеллектуалдық, рухани дамыған қазақстандықтарды тәрбиелеу үшін, мәдениет, спорт, білім нысандарын салып жатырмыз. Биыл облыста 26 мектеп салынады. Оның ішінде 15 мектеп жылдың соңына дейін тапсырылады, 9 мектеп қыркүйекте ашылады»,- деді Бердібек Сапарбаев.
Алға қаласында ашылған мектеп-гимназия ғимараты білім беру стандарттары мен қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келеді. Мұнда жоғары жылдамдықты интернет, мультимедиалық құралдармен жабдықталған. Физика, химия, биология және информатика кабинеттері бар.