АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде WhatsApp желісі арқылы «апельсиннен уланды» деген ақпарат тарап кетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желі арқылы бейтаныс адамның: «Мандарин, апельсин жемеңдер. Ақтөбеде мандарин, апельсиннен балалар өліп жатыр» дегені жазылған хабар келді.
«Балалардың ауыз қуысы уылып, жара болып, инфекциялық аурухананың іші науқасқа толды» деген хабарлама көпшілікке тарап кетті. Бұл хабарламадағы ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев жоққа шығарды.
«Балаларды емдейтін екі ауруханаға хабарласып, жағдайды білдім. Жаппай уланып, ем іздеп келген бала жоқ. Бұл жалған ақпарат»,- деді Р.Исаев.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.