Ұрлық салдарынан 3 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Аталған факті бойынша Заводской полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.
Қылмысты жасады деген күдікпен Ақтөбе қаласының 24 жасар тұрғыны ұсталды. Оның зауыттың 54 жастағы күзетшісі мен жүк тиегіш көліктің 25 жасар жүргізушісімен келісім жасасқаны анықталып шықты.
Қазіргі уақытта күдіктілер ешқайда кетпеу хатына қол қойып босатылды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ аталған қылмысқа басқа тұлғалардың қатыстылығы тексерілуде.