Ақтөбенің орталығында жас жігітті атып кетті
Оқиға Ақтөбеде облысы əкімдігінің маңында орын алған. Əзірге күдікті ұсталған жоқ. Ал жараланған жас жігіт ауруханаға түскен.
«11 наурызда сағат 08:05-те Ақтөбенің Абай даңғылы бойында белгісіз біреу травматикалық қарудан оқ атып, 25 жастағы жігітті жаралаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сот алды тергеу басталды. Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық»бабы бойынша іс қозғалды»,- деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Пр Абая возле Анвара . Со слов очевидцев была стрельба . 11.03.2018
Публикация от Aktobe Zello - Official Page (@aktobe_zello) Мар 10, 2018 в 11:16 PST
Айта кетейік, қазір күдіктіні іздеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Полиция қандай да бір ақпарат білген адамдардың мына телефондарға хабарласуын сұрайды: 102, 729-609, 55-78-24, 729-601