АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында мектеп-интернаттың үш тәрбиеленушісі жоғалып кетті. Қазір іздеу жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбенің Ырғыз ауданында тұрғындар үш баланы іздеуге жұмылдырылды. Бұл ақпаратты аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол растады.
«Қазір қандай да бір ақпарат бере алмаймын. Үш бала кешкілік далаға ойынға шығып, қайта оралмаған. Оларды аудан тұрғындары көрген. Біз жақын маңда жүр деп топшалап отырмыз. Іздеуге 25 көлік, шамамен 60 адам жұмылдырылды»,- деді аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол.
Айтып өтейік, жоғалып кеткен балалардың кішісі 7 жаста болса, үлкені 10-да.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.