Ақтөбенің шалғай ауылдарында мектептер мен әлеуметтік нысандар ашылды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Шалқар ауданында бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин алдымен Тоғыз ауылдық округтегі 120 орынға арналған №7 жалпы орта мектептің ашылу шарасына қатысты. Құрылыс жұмыстары 2018 жылдыңмамыр айында басталған болатын. Облыс әкімі мектеп ішін аралап көрді.

«Сонымен қатар Шалқар қаласындағы М.Шыманұлы ауылында 60 орындықСарықамыс негізгі орта мектебі ел игілігіне берілді. Құрылысы 2017жылы басталған білім ошағы жаңа оқу жылына сақадай сай. Заман талабына сайсалынған мектепте спорт залы, асхана, кітапхана бар»,-деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы екі мектептің ашылуына орай, қажетті құралдар алуға қаржылайсыйлық табыс етті.

«Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әрбір тапсырмасында білім саласына ерекше көңілбөлуде. Жастардың білім алу мүмкіндігін әлемдік озық деңгейге теңестіру үшінбар мүмкіндікті жасаймыз», - деп атапөтті Оңдасын Оразалин.

Айшуақ ауылдық округі Бегімбет ауылында мәдениет үйі қолданысқа берілді.120 орынға арналған нысанның құрылысы өткен жылы басталған болатын. Мәдени ошақжергілікті тұрғындардың ұлттық өнермен сусындауына, таланттыжастардың талабын шыңдауға мүмкіндік бермек.

«Халқымыздың қайталанбас озық мәдениетін заманауи үлгіде қайта түлету үшінбіз мәдениетімізді, мәдениет ошақтарын дамыту жұмыстарын қолға алуымыз керек.Болашақта әлемді аузына қаратар нағыз хас таланттар осындай орталардан шығарынасенімім мол», - деді өңір басшысы.

Облыс әкімі «Нұралы» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Шаруа қожалық қазірде 460 ірі қара, 820 қой бағып отыр. Биыл мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы аясында 60млн теңге несие алып, Ресейден 105 бас абердин-ангус тұқымды аналық бас алыпкелген. Сондай-ақ, мұнда 5000 басқа дейінгі мал бордақылауғаарналған кешен салынып жатыр. Инвестиция көлемі – 300 млн теңгені құрайтынкешеннің құрылысы биыл аяқталады. Өткен жылы мал сою және ет өңдеу цехыіске қосылған. Инвестиция көлемі – 147 млн теңге болатын кәсіпорын жылына1000 тонна сиыр етін, 400 тонна қой етін өндіреді.

Жұмыс сапары соңында аймақ басшысы Оңдасын Оразалин аудан әкімі БауыржанҚаниевке ауданның әлеуметтік- экономикалық жағдайын көтеруді, қосымша жұмыскөздерін ашып, мемлекеттік бағдарламалар арқылы шағын және ортакәсіпкерлікті дамытып, инвестиция тартуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар