Қазіргі уақытта Мұғалжар ауданының Жағабұлақ ауылына кезекшілік қойылды.
«Жаңабұлақ ауылында 250 үй бар. Үйлерге еш қауіп жоқ. Дегенмен кезекшілік қойылып, судың жүру арнасы тазартылды», - деді Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағамбетов.
Сонымен бірге Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді ауылында да су жүрді.
«Ауылдағы қорымға баратын өткел бұл. Ауыл ішіне су кірмеді», - деді Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпенов.
Ал облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 желтоқсан күні Шалқар ауданы Бершүгір ауылында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Бершүгір-Шалқар айналма жолына еріген қар суы жиналды. Еріген су далаға қарай ағып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ.