Ақтоты Райымқұлова: Әли Тұрғанбеков – қазақстандықтардың әлемдегі елшісі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өмірге төзімділіктің, өмірге деген махабаттың символына айналған Ник Вуйчич секілді Әли де Қазақстанның елшісі бола алады. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Әли Тұрғанбеков жайлы осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«БүкілҚазақстан шыдамдылық пен өмірге деген сүйіспеншіліктің үлгісін көрсетіп отырғанӘлиге зор мақтанышпен қарайды. Біз Әли секілді балаларды, мүмкіндігі шектеуліжандарды, көпбалалы отбасыларды қолдайтын азаматтарға зор құрметпен қараймыз.Қарапайым азамат әрі жауапты органның басшысы ретінде көмекке мұқтаж адамдардықолдауға барынша тырысамыз. Өздеріңіз білетіндей, халықаралық сайыстардан орыналған жас өрендеріміз жетерлік. Біз оларды бала кезден қолдасақ дейміз. Сондайболашағынан үмітті балалар біздің кәсіби мектептерде оқуы үшін жұмысжүргізудеміз», - деді Ақтоты Райымқұлова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министр өзсөзінде Әлимен әлі кездеспегенін мойындады. Айтуынша, әлемге аты шыққан футболжұлдыздарымен достасқан баламен кездесу жоспарында бар.

«ОныңЫстанбұлда болып, жеңімпаз Ливерпуль командасымен алаңға шыққанын білемін. БізӘлимен міндетті түрде кездесеміз. Өмірге төзімділіктің, өмірге деген махабаттыңсимволына айналған Вуйчич секілді Әли де Қазақстанның елшісі бола алады. Олқазірдің өзінде біздің қазақстандықтардың бүкіл әлемдегі елшісі. Өзтарапымыздан оны ары қарай да қолдайтын боламыз», - деді министр өз сөзінде.

АқтотыРайымқұлова параолимпиадалық спорт түрлеріне ерекше маңыз беріліп келе жатқанында айтып өтті.

Еске салакетсек, қазақстандық «Ник Вуйчич» атанған Әли Тұрғанбеков өз қолымен ағылшынныңЛиверпуль ойыншыларына УЕФА Суперкубогын табыстаған болатын.

Жігерлі жасбаланың төзімділігі мен өрлігіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та ықыласынбілдіріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар