Ақтоты Райымқұлова Түркістандағы киелі нысандар бойынша тапсырмалар жүктеді

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Түркістан қаласына сапары аясында археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатқан Күлтөбе қалашығында болып, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің Сапар орталығының және Қожа Ахмет Ясауи музейінің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А.Райымқұлова Түркістандатұңғыш рет бой көтеріп жатқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттіктарихи-мәдени қорық-музейінің Сапар орталығының ерекшелігі мен маңызын атапөтті. Сондай-ақ ғимаратты музей жабдықтарымен қамтамасыз ету және туристерге ыңғайлы орта қалыптастыру менэкспозициялық залдарды жабдықтау бойынша министрлік тарапынан тиісті жұмыстаратқарылатынын айтты.


ОртағасырлықКүлтөбе қалашығындағы 4 гектарға жуық аумақта жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарымен танысқан ведомствобасшысы, зерттелген аумақтарға дер кезінде консервация және реставрацияжұмыстары жүргізілуін тапсырды. Сондай-ақ, Күлтөбеқалашығының цитаделіндегі жабынды ауыстыру жөнінде арнайы тапсырмалар жүктеді.

«Күлтөбе» қалашығындағы ғылыми-зерттеу жәнереставрация жұмыстары ескерткіштің барлық тарихи кезеңдерін анықтап,нәтижесінде қалашықты ашық аспан астындағы музейге айналдыруға бағытталған. Қазіргі Түркістан қаласының түп тарихынзерттеу – тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі. Қаланың осы кездегітарихын зерттеу арқылы төл мемлекетіміздің тыныс-тіршілігінің қыр-сырларынтануға болады. Мұнда ел тағдырын шешкен мәслихаттар өткен, хан сайлағанқұрылтайлар болған», - делінгенминистрлік таратқан ақпаратта.

«Күлтөбе» қалашығы«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ескерткіштертізіміндегі Республикалық маңызы бар ескерткіш және Қазақстандағы көне қалаорны. Қалашық Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 350 метр жердеорналасқан.

«Сондай-ақ АқтотыРайымқұлова Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, бабалар рухына тағзыметті. Бұдан бөлек, Қ. Ясауи кесенесі және Рәбия Сұлтан Бегім ана кесенесі мен сегіз қырлы сағана, цитадельдіңортағасырлық көшесінде жүргізілетін қайта жаңарту және музейлендіру жұмыстарыпысықталды. Сонымен қатар, 7 мың орынға шақталған стадион және олимпиадалықрезервтегі спорт мектебінің, драма театр мен кітапхананың, »Ұлы далаелі« орталығының құрылыс жұмыстары және ол нысандарды білікті кадрларментолықтыру мәселелері нақтыланды», - деді баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар