Ақтүтек боран: Қостанайда қар құрсауынан құтқарылған адамдар жылыту пунктін паналап отыр

Қостанай облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жолда қалған адамдарға жедел көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: Қостанай облысы ТЖД

Дәл қазір Қостанай облысында 257 жылыту пункті (13 республикалық, 11 облыстық және 232 ЖАО) жұмыс істеп тұр. 

Облыстық ТЖД мәліметінше, ондағы жалпы орын саны — 11 255.

Бұл пунктер ауа райының нашарлауына байланысты қиын жағдайға тап болған жүргізушілер мен жолаушыларға аса қажет.

Айта кетсек, Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылында мектеп-интернат базасы мен ДЭУ-55-те жалпы сыйымдылығы 74 орындық пункт бар.