Instagram-ға жариялаған видеода бойжеткен бетперде, жүзуге арналған аяқ киіммен теңізде жүзіп жүреді. Күтпеген жерден оған акула жақындап келіп, аяқ киімін тістелейді, бірақ соңғы сәтте бұрылып, басқа жаққа жүзіп кетеді. Қыздың әрекетіне қарағанда, ол ештеңені байқамаған сыңайлы.
Диестің айтуынша, акуланың ұзындығы шамамен 1,2-1,5 метр.
Видео авторының пікірінше, шамасы акула аяқ киімді балық деп қалған, қателескенін білген соң көзден таса болған.