Ақындар айтысы: «Алтын домбыраның» иесі анықталды
Бүгін Ақтөбеде республикалық ақындар айтысы өтті. Барлығы 5 жұп алты сағат бойы ақтөбеліктерді жырға бөлеп, ел ішіндегі өзекті мәселерді қозғады. Ақындар тіл, ұлттық рух пен ел болашағы туралы жырлады. Қыз бен жігіт айтысында әдемі әзіл айтылды. Ақтық сынға Сара Тоқтамыс пен Жандарбек Бұлғақов, Жарқынбек Наушабек пен Сырым Әуезхан, Айнұр Тұрсынбаева мен Әсет Дүйсебаев шықты.
«Айтыс - қазақ халқына ғана тән ұлы өнер. Жігітті талантына сай түстеген ақындар айтысы өте тартысты өтті. Ешкім ешкімнен кем емес»,- деді Қазақстанның халық ақыны, қазылар алқасының төрағасы Қонысбай Әбіл.
«Ақтөбеліктер алты сағат бойы айтыс тыңдап, тапжылмай құрмет көрсетті. Ақындарымыз өнерлерін аяп қалған жоқ. Айбынымызды асырды, рухымызды тасытты. Бәріміз шабыттанып отырмыз»,- деді Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуат Бораш.