– Бас прокуратура желісі бойынша жұмыс жүріп жатыр. Біз істеуіміз керек жұмыстың бәрі істелді. Ары қарай Бас прокуратура желісі бойынша ақпарат алмасу болады, - деді ол ведомствоның дәстүрлі баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, Қазақстан дипломаттары жыл сайын шетелде түрмеде отырған Қазақстан азаматтарына барып, кездесіп отырады.
– Бұл – біздің күнделікті күйбең жұмысымыз. Ол бағытта жұмыс жүріп жатыр. Биыл дипломаттар Ақжарқын Тұрлыбайға барды ма, жоқ па, оны қазір нақты айта алмаймын, - деді Айбек Смадияр.
Еске салсақ, былтыр жыл аяғында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтару келіссөздері жалғасып жатқанын айтқан еді.