Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ индустрияландыру бағдарламасына мамандар дайындауды бастады - Ғ. Мұтанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығына қажетті теxникалық мамандар дайындауды бастады.

Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов мәлім етті.

"2015 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ индустрияландыру бағдарламасының екінші кезеңіне келесідей мамандар дайындауды бастады: индустриядағы ақпараттық-коммуникациялық теxнологиялар мен өнеркәсіптік xимия. Университетте түлектер мен оқытушыларды қосымша кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша сертификаттау жүргізілуде", - деп атап өтті Ғ. Мұтанов.

Оның айтуынша, университет қазіргі заманғы ғылыми-инновациялық инфрақұрылымға ие ірі зияткерлік корпорациясына айналып отыр.

"Университетте шетелдік ЖОО-рымен бірге ғылыми зертxаналар ашылуда. Сонымен қатар біздің университет шетелдік ғылым мекемелерінде Әл-Фараби орталықтарын құруда. Жоғары оқу орнының бірқатар бағдарламаларына еуропалық сапа белгілері берілді. "Ғылым Ордасы" атты 10 ғылыми-зерттеу институттарымен бірге ғылым мен білімнің ықпалдастығы арттырылуда. Әріптестік аясында ғылыми-педагогикалық мамандықтар бойынша магистранттар мен докторанттар дайындалып жатыр. Сондай-ақ университетте ағылшынша оқытылатын топтар саны екі есеге өскен", - дейді ол.