Альпинистердің нақты қай жерде екенін біле алмай отырмыз – Ерлан Тұрғымбаев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қырғыз тауларында жоғалған альпинистерді іздестіру жұмыстары жалғасқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Альпинистербойынша: кеше 14 тамызда альпинистер Жеңіс шыңына дейін шыққанымен, 15 тамыздақар боранына тап болғаны хабарланған болатын. Алпинистердің бірі қайтыс болып,екеуі көмек сұраған. Аталған тау шыңы Қырғызстан аумағында орналасқандықтан,екі күн бұрын құтқару операциясы қолға алынып, қырғыз шекарашыларынан әуекеңістігін пайдалану рұқсаты алынған. Алайда біздің құтқарушы тікұшақ қаттыборанның салдарынан биікке көтеріле алмады. Бүгін жергілікті уақыт бойыншасағат 10.00-де құтқару операциясы қайта жанданды. Бортта тәжірибеліқұтқарушылар баршылық. Тікұшақ таулы аймаққа барынша бейімделген», - деді ЕрланТұрғымбаев Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Десе де,министрдің айтуынша, теңіз деңгейінен 6 мың метр биіктікке әуе кемелерінің көбікөтеріле алмайды.

«Әуе кемелерібарынша биікке көтеріліп, құтқарушылар іздестіру жұмысын жалғастырады. Еңқиыны, альпинистердің нақты қай жерде екенін біле алмай отырмыз. Сондықтан,барынша ауқымды іздестіру жұмыстарын қолға аламыз. Қазір біз GPS арқылы жоқдегенде болжамды орындарды анықтау үшін арнайы қызметтерді іске тартыпжатырмыз», - деді ол.

Еске салсақ,алматылық альпинистер тобы Қырғыз тауларында жоғалған. Алматы қаласының әкіміБақытжан Сағынтаев тауда қазақстандық альпинистер тобының жоғалып кетуінеқатысты Instagram парақшасында алаңдаушылық білдірді.

Кейінірекжоғалған альпинистердің бірінің қызы әлеуметтік желі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады.

Сондай-ақ, ҚРҚорғаныс министрлігі альпинистерді құтқару операциясын бастады.

Сондай-ақ бүгін Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов құтқарушылардың Тянь-Шань тауында жоғалып кеткен альпинистерді іздеуге ұшып кеткендігін хабарлады.


Соңғы жаңалықтар