Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альвареспен үшінші айқасқа дейін аталған тізімде сегізінші орында тұрған болса, Альварестен жеңілгеннен кейін бірден үш сатыға көтеріліп, бесінші орынға орналасты.
Boxrec-тің P4P жаңартылған рейтингі:
1. Сауль «Канело» Альварес (Мексика)
2. Дмитрий Бивол (Ресей)
3. Теренс Кроуфорд (АҚШ)
4. Александр Усик (Украина)
5. Геннадий Головкин (Қазақстан)
6. Энтони Джошуа (Ұлыбритания)
7. Эррол Спенс-младший (АҚШ)
8. Наоя Иноуэ (Жапония)
9. Шакур Стивенсон (АҚШ)
10. Деонтей Уайлдер (АҚШ)
Айта кетейік, 18 қыркүйек күні Головкин – Альварес жекпе-жек кешінің андеркартында АҚШ өкілі Габриэль Росадоны (26-16-1, 15 КО) жеңген қазақстандық боксшы Әли Ахмедов те (18-1, 14 КО) Boxrec.com рейтингінде бірден 37 сатыға көтерілген болатын.