Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға тамыздың 15-нен 16 қараған түні Алакөлде демалушылар көп келетін «Аура бар» деп аталатын жерде болған.
«Қазір аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы яғни, бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жанжалды шығарғандарды анықтау, іздеу жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, топтасып төбелесу фактісі бойынша куәгерлер не болмаса зардап шеккендер әзірге полицияға хабарласпады», - деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
Полицияның ақпаратына сәйкес, дәмхана әкімшілігі бұзақыларға қатысты арыз жазған. Тергеу жүріп жатыр.