Алакөлдегі су сынамасының нәтижесі белгілі болды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-ның Алматы облысы бойынша филиалының мамандары Алакөлдің бес нүктесінен алынған су сынамасына жүргізілген жоспардан тыс тексерістің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың 1тамызында Алакөл көліне «Көктем гранд» қонақ үйінің бассейні құбырынан лайсудың ағып келуіне байланысты «Қазгидромет» РМК-ның Алматы облысы бойыншафилиалының қызметкерлері бірден тиісті жұмысты қолға алды. Мамандар оқиғаорнына жетіп, №1 нүктенің 5 метр тереңдігінен (ағып келген арнадан, құбырдан);№2 нүктедегі демалыс аумағынан (құбырға жақын жағадан); №3 нүктедегі ағыпкелген арнаға 20 метр қарама-қарсы қашықтықтан; №4 нүктедегі ағып келгенарнадан оңға қарай 500 метр жерден; №5 нүктедегі ағып келген арнадан солғақарай 500 метр жерден су сынамасы алынды», - делінген хабарламада.

Лабороториялықанализ су сапасының 45 физико-химиялық көрсеткіші бойынша, атап айтқанда бастыиондары, биогенді, органикалық құрамы мен ауыр металлдары бойынша жүргізілген.

Ақпаратты жеделберу үшін филиал демалыс күндері алынған су сынамасына талдау жүргізді.

3-4 тамыз күндеріалынған нәтиже бойынша су сынамасында хлорид бойынша концентрацияның (3,8есеге), магнийдің (3,3 есеге), минерализацияның (3,2 есеге) және фторидтің (3,6есеге) артқаны байқалады.

Еске сала кетсек,Алматы облысындағы Алакөлге құбыр арқылы лай су төгіліп жатқаны бұған дейінхабарланған болатын. Әлеуметтік желіге тараған видео халықтың наразылығын тудырған.

ҚР Экология,геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бұл жағдайғакінәлілер жазаланатынын хабарлады. Осы мәселегебайланысты Алакөлдегі суды зерттеу мақсатында арнайы комиссия құрылды.


Соңғы жаңалықтар