Алакөлге ағызылған судан сынама алынды - әкімдік

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Алакөл көліне құбыр арқылы жіберілген судан сынама алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіркомиссияның ақпараты бойынша сорғыштан аққан су тоқтады, көл жағалауы таза. Бейнежазбадағыаққан су ешқандай хлорсыз, таза бассейннің көлден алынған суы. Су соратынсорғыш сол уақытта істен шыққандықтан, ішке алынатын су кері қайтқан. Ал демалысорнының дәретхана құбыры бөлек жерде орналасқан. Аудандық тауарлар мен көрсетілгенқызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары қазіргі уақытта зертханалықсынамалар алуда»,- делінген Алакөлауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Естеріңізге салакетейік, Алакөл көліне белгісіз лай су құбыр арқылы төгіліп жатқанын туристтер хабарлаған болатын.

Бейнежазбағымәліметке сәйкес, көлге төгіліп жатқан судың жағымсыз иісі бар.

Артынша Алакөлауданының әкімдігі бұл мәселеге орай арнайы комиссия құрылғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар