Алакөлге лас су ағызған қонақүй жабылуы мүмкін

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысы бойынша Экология департаменті Алакөлге лас су ағызған мекеменің қызметін тоқтату туралы сотқа талап-арыз түсіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысы бойынша Экология департаменті Алакөл көлінесарқынды суларды ағызу фактісі бойынша «ALMATRADEGROUP» ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.Су көл жағасында орналасқан екі бассейннен (балалар мен ересектер) заңсызорнатылған құбырлар арқылы ағызылған. Департамент кәсіпорынның құжаттамаларын тексеріп, судың сынамаларын алды», - делінген ҚР Экология, геологияжәне табиғи ресурстар министрлігінің Facebook-тегі парақшасында.

Тексеру нәтижелері бойынша, сарқынды суларды мемлекеттікэкологиялық сараптаманың қорытындысы мен қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатсызағызуды жүзеге асыру бөлігінде заңбұзушылықтаранықталған.

«Жіберілген экологиялық заңнама бұзушылықтары үшінәкімшілік айыппұл салынды.Сарқынды суларды ағызу жүзеге асырылған құбырларды жою туралы ұйғарым берілді. Сондай-аққоршаған ортаға келтірілген залал сомасы анықталып жатыр. Алматы облысы бойыншаЭкология департаменті мекеменің қызметін тоқтату туралы сотқа талап-арыз беретін болады. Су ресурстарыныңсапасы тұрақты жағдайда, қоршаған ортаға қауіп байқалмайды. Алматы облысыбойынша Экология департаменті «Қазгидромет» РМК филиалы, санитарлық-эпидемиологиялыққызметімен берлесіп суға мониторинг жүргізуде», - делінген министрліктіңхабарламасында.

Алматы облысындағы Алакөлге құбыр арқылы лайсу төгіліп жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Әлеуметтік желігетараған видео халықтың наразылығын тудырды.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министріМағзұм Мырзағалиев бұл жағдайға кінәлілержазаланатынын айтты.

Ал жуырда «Қазгидромет» РМК-ның Алматы облысыбойынша филиалының мамандары Алакөлдің бес нүктесінен алынған су сынамасынажүргізілген жоспардан тыс тексерістіңқорытындысын жариялаған еді.

Соңғы жаңалықтар