Алан Құрманғалиев АҚШ-тағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев АҚШ-тың Спокан қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Фото: ҚР ҰОК

Жарыс барысында Алан төрт кездесу өткізді. Қазақстандық спортшы америкалық Алекс Лоны 3:1, Абхинав Ширбхатты (АҚШ) 3:0 және Эндрю Цаоны (АҚШ) 3:0 есебімен жеңді.

ҚР ҰОК мәліметінше, финалда Құрманғалиев аустралиялық Чулун Не Чулунды 3:1 есебімен ұтып, турнирді бірінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Соня Жиенбаева Испаниядағы турнирде чемпион атанды.

Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингіде 946-орындағы Асылжан Арыстанбекова жекелей сында Астана World Tennis Tour W15 Asu Open турнирінде топ жарды.