Алан Құрманғалиев жастар арасында әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті
11:37, 26 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Клуж-Напокеде (Румыния) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финал жолдамасы үшін бақ сынайды.
Спортшы аралас жұптық сында Мысыр өкілі Хана Годамен бірге өнер көрсетіп, ширек финалға өтті. ҚР ҰОК мәліметінше, олар 1/8 финалда жапониялық Казуки Ёшияма/Юна Оджио жұбынан басым түсіп, кездесуді 3:2 есебімен аяқтады.
Ширек финалда Құрманғалиев пен Года қытайлық Ли Хэчэн/Цинь Юйсюань жұбына қарсы ойнайды.
Айта кетейік, Алан Құрманғалиев U19 жас санатында өнер көрсетеді.
Алан Құрманғалиевтің алғашқы қарсыластары белгілі болғанын жазған едік.