Бірақ, олар жүзіп өтпек болған жерден көтерілген асау толқындар кенеттен аспанға атылып, олардың ізінен қуа жөнелді. Сөйтіп, спортшылардың қауіпсіз жүзуін қадағалауға шыққан құтқарушылар аласұрған толқындардан қашып, жағадан бір-ақ шықты, деп жазады gismeteo.ru.
Айта кету керек, серферлердің дәстүрлі жарысын бақылауға шығатын бұл құтқарушылар арнайы жаттығудан өтіп, зор дайындықпен келеді. Алайда биыл анау-мынау емес, 15 метрге дейін шарпыған толқындар олардың жұмыс барысына өзгертулер енгізді. Қашу кезінде ешкім жараланбаса да, бұл сәт құтқарушылардың зәресін ұшырып, олар тек аман қалғандарына қуанды. Ұшқыш-робот түсірген мына бейнероликте оқиғаның барысы мұқият бейнеленген, деп жазады 24.kz.