— Alatau City Authority республикалық бюджеттік бағдарламалардың дербес әкімшісі болады. Оның бюджеті республикалық бюджет құрамында блоктық бюджеттеу қағидаты бойынша қалыптасып, негізінен инфрақұрылымды дамытуға және ұзақ мерзімді жобаларды қолдауға бағытталады, — деді Қанат Бозымбаев.
Үкімет басшысы орынбасарының мәліметінше, жобаларды іріктеу мен қаржыландыру тәртібін Премьер-министр басқаратын кеңес бекітетін болады.
— Ал қаланың жергілікті бюджеті әлеуметтік және ағымдағы міндеттерді қаржыландыруға жұмсалады. Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен басқа бюджеттерге қаражат алуға жол берілмейді, — деді ол.
Айта кетейік, Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын бірінші оқылымда қарап жатыр.