Алатау полигонындағы өрт оқшауланды

Фото: ТЖМ

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Қоқыс полигонында өрт сөндіру жұмыстары 6 күн қатарынан жүргізіліп жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт оқшауланды.

Еске салайық, оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Өрт орнында далалық лагерь құрылып, жеке құрамға тамақтану ұйымдастырылды, жеке қорғаныс құралдары берілді. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында топырақпен жедел қамтамасыз ету үшін төрт карьер жабдықталды.

Бұған дейін Алатау қаласының қоқыс полигонындағы ірі өртке байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді.