Тергеудің анықтауынша, алаяқ «Нұрсәт» шағынауданынан пәтер алуға көмектесемін деп зардап шегушілердің сеніміне кірген және шамамен 130 миллион теңге ақшалай қаражат жинаған. Аталған факт бойынша, ҚР ҚК 190-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта айыпкер әл-Фараби аудандық сотының үкімімен 6 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, 2016 жылдың 10 айында Шымкент қ. ІІБ 3 мыңға жуық алаяқтық фактісін тіркегені хабарланды. Оның ішінде полиция 443 қылмысты ашты. 90-нан астам күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды.