«Бүгін Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың атынан бәзбіреулер WhatsApp желісінде хабарламалар таратып жатқаны анықталды. Мұндай хабарларды интернет-алаяқтар жібереді. Қонаев қаласы тұрғындарынан жалған ақпаратқа сеніп, бейтаныс нөмірге ақша жібермеулерін және жолданған сілтемелерге өтпеуін сұраймыз. Шаһар басшысының іnstagram желісінде ғана ресми аккаунты бар @berdikhanov_askhat барлық жаңалық осы аккаунтта ғана жарияланады»,- хабарлады қалалық әкімдіктен.
Бұған дейін Алматы облысының әкімдігі тұрғындарға өзін облыс әкімімін деп таныстыратын алаяқтардың әрекетіне сенбеуге шақырған еді.
Сондай- ақ Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері атынан да жалған ақпарат тараған болатын.