Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Соның салдарынан жаңбыр жауып, найзағай болады.
2 маусымда Павлодар облысында, 3 маусымда Атырау және Маңғыстау облыстарында, 3-4 маусымда Ақтөбе облысында, 4 маусымда Қостанай облысында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін.
Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал.
Күндізгі ауа температурасы батыста 23… 28°С-қа дейін жоғарылайды. Солтүстік-батыста ауа температурасы 13… 26°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік өңірлерде 25… 32°С-қа дейін, республиканың орталығы мен шығысында 27… 36°С-қа дейін жоғарылайды. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы сәл төмендеп, 25… 35°С шамасында болады.
Айта кетелік Еуропаның бірнеше елінде аптап ыстық басталғаны туралы жазған едік.