Алдағы күндері антициклон салдарынан ауа температурасы күрт төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМҚ 12-14 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Фото: Pexels

Синоптиктердің болжамынша, скандинавия аймақтарынан келген антициклон Казахстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне себеп болды. 

— Суық ауа массаларымен толығып отырған бұл антициклон алдағы күндері де өз ықпалын сақтап, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасының нөлден төмен болуына әсер етеді, — делінген хабарламада.

Антициклон ел аумағы арқылы жылжыған сайын, 13 мамыр түні оңтүстік-шығыс өңірлерде де үсік жүруі күтіледі.

Бұған дейін Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының және оған байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталатынын жаздық.