Алдағы күндері бірқатар өңірде қар жауып, түнде үсік жүреді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет 15–17 қазанға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Казгидромет

Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Елдің шығысында көктайғақ болады. Тек республиканың орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

16–17 қазанға қараған түндері елдің оңтүстік-шығысында 1–2 градус үсік жүреді. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады.

Ауа температурасы:

  • Елдің батысында: түнде 7… 15°С-қа дейін, күндіз 17… 25°С-қа дейін төмендейді;

  • Ақтөбе облысында: түнде 1… 6°С, өңірдің солтүстігі мен шығысында −1…−3°С, күндіз 15… 23°С-қа дейін төмендейді;

  • Қостанай облысында: түнде −1…−6°С-қа дейін төмендейді, күндіз ауа температурасы 12… 17°С-тан 10… 15°С-қа дейін аздап құбылады;

  • Елдің солтүстігінде: түнде −3…−8°С-қа дейін төмендейді, 17 қазаннан бастап 0… 8°С-қа дейін жоғарылайды. Күндіз ауа температурасы аздап көтеріліп, 7… 12°С болады;

  • Ұлытау облысында: түнде ауа температурасы негізінен 0… 6°С, өңірдің солтүстігі мен шығысында −3°С болады. Күндіз 10… 20°С күтіледі;

  • Қарағанды облысында: түнде ауа температурасы негізінен −1…−8°С, өңірдің оңтүстігінде 3°С болады. Күндіз біртіндеп 10… 15°С-қа дейін жоғарылайды;

  • Елдің шығысында: түнде ауа температурасы −1…−6°С-тан −3…−11°С-қа дейін аздап төмендейді. Күндіз негізінен 3… 12°С, өңірдің шығысында −2°С болады;

  • Республиканың оңтүстігінде: түнде ауа температурасы 2… 10°С-қа дейін, күндіз 15… 25°С-қа дейін аздап төмендейді;

  • Елдің оңтүстік-шығысында: түнде ауа температурасы 0… 8°С-қа дейін, таулы аудандарда −2…−7°С-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы 12… 22°С-тан 10… 18°С-қа дейін аздап құбылады.