Метеорологиялық болжамға сәйкес, ел аумағындағы ауа райына жаңа антициклон әсер етеді. Атап айтқанда республика бойынша температураның күрт төмендеуіне себеп болады.
15 қаңтарда солтүстік пен шығыс өңірлерінде түнгі ауа температурасы -30…-40°С дейін төмендейді. Ал оңтүстік аймақтарда түнгі температура -5…-13°С, оңтүстік-шығыста -8…-17°С, таулы аудандарда -20…-25°С шамасында болады.
Сонымен қатар 15–16 қаңтарда Қазақстанның оңтүстігінде қар жауады, боран соғып, көктайғақ болады.
16–17 қаңтарда оңтүстік-шығыс өңірлерде қалың қар жауып, боран, тұман және көктайғақ күтіледі.
Осыған дейін 14 қаңтарда елдегі қай жолдарда қозғалыс тәртібі өзгергенін жазғанбыз.