Алдағы күндері кей өңірде 35 градус ыстық болады

АСТАНА. KAZINFORM – Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына екі барикалық құрылым әсер етеді. 

Фото: Александр Павский / Kazinform

Елдің батыс және оңтүстік өңірлері оңтүстік циклонның ықпалында болады. Бұл аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, сондай-ақ күндізгі ауа температурасы 27… 35 градусқа дейін жоғарылайды.

Республиканың қалған бөлігінде суық антициклон өз әсерін сақтайды. Түнгі уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 1–6 градусқа дейін үсік күтіледі. Ал күндіз аспан ашық болып, ауа температурасы 12… 28 градустан 20… 30 градусқа дейін көтеріледі.

Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік, шығыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. 

Айта кетелік бүгін Алматыда және тағы бес қалада ауа сапасы төмендейді