30 сәуірде елдің оңтүстік-батысында және солтүстік-батысында, ал 2 мамырда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін.
30 сәуірде солтүстік және орталық өңірлерде, сондай-ақ бүкіл кезең бойы шығыс облыстарда жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
Республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Бүкіл кезеңде батыс өңірлерде, 30 сәуірде шығыста, 30 сәуір және 2 мамырда солтүстік-батыста, 2 мамырда елдің солтүстігінде түнгі уақытта 3°C-қа дейін үсік жүруі мүмкін.
Күндіз ауа температурасы біртіндеп көтеріледі:
- оңтүстік-батыста 17… 22°C дейін;
- солтүстік-батыста 13… 25°C дейін;
- шығыста 25… 32°C дейін;
- оңтүстік-шығыста 25… 32°C дейін.
Ал төмендеу күтіледі:
- батыста 10… 15°C дейін;
- солтүстікте 12… 18°C дейін;
- орталықта 15… 25°C дейін;
- оңтүстікте 18… 23°C дейін.
Айта кетелік Жетісу облысында Сиверс алма ағашының гүлдеуіне арналған фестиваль өтеді.