Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Синоптиктер 23-24-25 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Мәскеу маңынан жылжып келе жатқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронт әсерінен республика аумағында тұрақсыз ауа райы қалыптасады. 

Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей уақыттарда нөсер жаңбыр күтіледі.

Жекелеген өңірлерде бұршақ түсіп, дауыл тұруы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы +7…+18°С дейін төмендейді, солтүстік-батыста +10…+20°С болады.

Республиканың қалған аумағында ауа температурасының біртіндеп көтерілуі болжанады:
солтүстікте +18…+27°С дейін,
орталықта +22…+30°С дейін,
шығыста +20…+28°С дейін, таулы аймақтарда +10…+15°С,
оңтүстікте +27…+32°С дейін, таулы аймақтарда +22°С шамасында,
оңтүстік-шығыста +20…+30°С дейін, таулы аймақтарда +10…+15°С. 

Айта кетелік елордада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді