Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК синоптиктері республика бойынша 21, 22 және 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Фото: Юрий Ким

Кейбір күндері елдің солтүстігінде және оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жел күшейеді, ал елдің оңтүстігінде күндіз найзағай болады.

Республика бойынша тұман және көктайғақ болжануда. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Күндізгі ауа температурасы батыс өңірлерде 12… 17°С дейін, Маңғыстау облысында 18… 23°С дейін, солтүстік және республиканың орталық бөлігінде 3… 8°С шамасында, Ұлытауда 15… 20°С дейін, шығыста 5… 15°С, оңтүстікте 20… 25°С, оңтүстік-шығыста 15… 23°С дейін көтеріледі.

Айта кетелік Алматы маңында сирек кездесетін құртқашаш гүлдеген еді