Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде фронттарға байланысты ауа райы тұрақсыз болады.
Жаңбыр, найзағай және екпінді жел болжанады, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ жауады.
Ең қарқынды жаңбыр 13-15 маусым аралығында шығыста және орталықта болады, ал 14 маусымда еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын жауады.
Күндізгі температура еліміздің батысында — 33 40°С, солтүстігі, орталығында — 20 28°С-тан 25 30°С-қа дейін, оңтүстігінде — 27 35°С-тан 30 40°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында — 22 30°С-тан 25 35°С дейін, ал шығыста — 22 30°С-тан 20 28°С-қа дейін аздап төмендейді.