Алдағы үш күнде батыста жаңбыр, шығыста қар жауады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет 3–5 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Kazinform/ЖИ

Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек елдің батысында 4–5 қарашада солтүстік-батыс циклонының жақындауына байланысты жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. 3 қарашада шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (негізінен қар түрінде), сондай-ақ көктайғақ құбылыстары болжанады.

Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі.

Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы 13 21°С-тан 6 19°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста 13 18°С-тан 10 15°С-қа дейін төмендейді. Қазақстанның қалған аумағында ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.

Айта кетелік 2 қарашада Қазақстанның кей өңірлерінде жол жағдайы күрделенуі мүмкін екендігін жазған едік.