Атап айтқанда, 19 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Одан әрі ел аумағына солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттар ығысады, онымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, екпінді жел күтіледі. Тек оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда ауа райы әлі де ашық болады.
Түнде республиканың басым бөлігінде температура бағамы -2 – 10 жылыны көрсетеді. Күндізгі уақытта еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы 10-15 жылыдан 5-10 жылыға дейін төмендейді.