Алдағы үш күнде тұман түсіп, көктайғақ болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет 26–28 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Kazinform / ЖИ

Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді.

Ел аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

24 қарашада Қазақстанның солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысының жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болы, жел күшейеді.

Ауа температурасы төмендейді. 28 қарашада күндіз елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы 0,-5°С, оңтүстік-батысында және шығысында 0, 5°С, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 5 10°С, таулы аудандарда 0,-5°С болады.

Айта кетелік бүгін еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 20 градусқа дейін көтеріледі.