Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, қар түсетін өңірлер аталды

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы 20–22 қазанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Фото: Pexels

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

 — 20 қазанда күндіз Павлодар облысында, 21–22 қазанда елдің шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Тек оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1–3 градусқа дейін үсік жүреді. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі, — делінген хабарламада.

Ауа температурасы:

  • Елдің батысында: түнде -6… 2°С-қа дейін төмендейді, күндіз 15… 22°С-қа дейін аздап жоғарылайды;

  • Маңғыстау облысында: түнде 2… 10°С-қа дейін төмендейді, күндіз 21… 26°С-тан 18… 23°С-қа дейін аздап құбылады;

  • Ақтөбе облысында: түнде 0… 5°С-тан -1…-6°С-қа дейін аздап төмендейді, күндіз 12… 17°С-қа дейін жоғарылайды;

  • Қостанай облысында және елдің солтүстігінде: түнде ауа температурасы -1…-6°С-тан 0… 5°С-қа дейін құбылады, күндіз 2… 10°С шамасында болады;

  • Елдің орталығында: түнде ауа температурасы 0… 5°С-тан -1…-6°С-қа дейін құбылады, күндіз 3… 11°С-тан 7… 13°С-қа дейін өзгереді;

  • Елдің шығысында: түнде 0… 5°С-қа дейін төмендейді, күндіз 2… 7°С-қа дейін аздап төмендейді, өңірдің шығысында -1°С болады;

  • Республиканың оңтүстігінде: түнде ауа температурасы 0… 5°С-қа дейін аздап төмендейді, күндіз 18… 23°С-тан 12… 17°С-қа дейін құбылады;

  • Елдің оңтүстік-шығысында: түнде ауа температурасы негізінен 0… 8°С болады, таулы аудандарда -3…-8°С-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы 15… 20°С-тан 8… 16°С-қа дейін аздап құбылады.

Бұдан бұрын қарашада Қостанай облысында аяз бен жылымық алмасатынын жаздық.