28 қыркүйек күні күндіз және 29 қыркүйек күні тәулік бойы Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20, кейде 23-28 м/с-ға дейін жетеді, 28-29 қыркүйекте түнде кей жерлерде ауа температурасы -1-3 °C-ға дейін төмендейді.
28 қыркүйек күні күндіз және 29 қыркүйек күні Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады, ал таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, кейде екпіні 23-28 м/с-ға дейін жетуі мүмкін. 28 қыркүйек күні күндіз бұршақ жаууы мүмкін, 28-29 қыркүйек күні түнде кей жерлерде ауа температурасы -1-3 °C-ға дейін төмендейді.
28 қыркүйек күні күндіз және 29 қыркүйек күні Қызылорда облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, кейде 25 м/с-ға дейін жетуі мүмкін. 28-29 қыркүйекте түнде облыстың солтүстік аудандарында ауа температурасы -1-3 °C-ға дейін төмендейді.