«Мереке күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алуға ерекше назар аударылады. Департаменттің 900-ден аса қызметкері аумақтық ІІД-мен бірлесе отырып, еліміздің 127 темір жол вокзалы мен 16 әуежайында жолаушылардың қауіпсіздігін күзетіп, қылмыстардың алдын алады», - деді Департамент басшысының орынбасары полиция полковнигі Талғат Өтетілеуов.
Ол үшін оқиға орнына жедел шығу және қылмыстарды ізін суытпай ашуды қамтамасыз ету мақсатында қосымша арнайы жедел тергеу тобы құрылмақ.
Сондай-ақ қоғамдық орындарда, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу орындарында құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданатын болады.