Алдағы тәуліктерде Қазақстанның алты облысында күн ыси түспек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін және алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірлерінде аптап ыстық сақталады, деп хабарланған ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында.

Атап айтқанда, 14-18 шілдеде күндіз Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте қатты ыстық 40-43°C күтіледі. 14-20 шілдеде Алматы облысының кей жерлерінде 40, 43°C болады. Сондай-ақ 14-17 шілдеде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 46°C ыстық күтіледі. Ал 18-20 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ауа температурасы 40 - 43°C дейін көтеріледі.