Бұл туралы бүгін селекторлық тәртіптегі Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
«Елбасының тапсырмасы бойынша жоғары оқу орындарын оңтайландыру жүргізілуде. Қазіргі уақытта олардың саны 149-дан 136-ға дейін қысқартылды. Тәжірибе көрсеткендей, коммерциялық жоғары оқу орындарының көпшілігі білім беру сапасы жағынан сын көтермейді. Сондықтан, таяудағы үш жыл ішінде олардың санын 66-дан 30-ға дейін қысқарту жоспарлануда», - деді министр.
Сөз соңында ол жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарды ескере отырып, бұл іске ведомство өте жауапты қарайтындығын жеткізді.