АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 82-ракеткасы Александр Бублик Финикс (АҚШ) челленджер турнирінің финалында ойнады.
Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемдік рейтингіде өзінен екі саты жоғары тұрған 18 жастағы бразилиялық Жоао Фонсекамен кездесті.
Екі партия да тай-брейкте Фонсеканың пайдасына аяқталды – 7:6 (7:5), 7:6 (7:0).
Бір сағат 46 минутқа созылған тартысты матчта Бублик 15 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Фонсека 8 эйс, 2 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.
Қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде Ж.Фонсека 60-ыншы, А.Бублик 80-орынға көтеріліп тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің АҚШ-та жарыстың 1-ракеткасын ұтып, финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).