Александр Бублик Аустриядағы турнирде чемпиондық атағын қорғай алмады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Аустрияның Кицбюэль қаласындағы ATP 250 турнирінің финалында өнер көрсетті.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші өткен жылы осы жарыста чемпион атанған еді. 

Доданың 1-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик финалда әлемдік рейтингіде 83-орындағы франциялық Кентен Алиске тап келді. 

Бірінші партияда франциялық спортшы 6:4 есебімен басым түсті. Ол екінші сетте де тай-брейкте есесін жібермеді — 7:6 (8:6).

Бір сағат 33 минутқа созылған бәсекеде Бублик 6 эйспен ғана көзге түсті. Франциялық теннисші 17 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. 

Осылайша, А.Бублик өткен жылғы чемпиондық атағын қорғай алмады. Дегенмен финалға дейін жеткенінің нәтижесінде ATP Live рейтингісінде 11-орнын сақтап тұр. 

Тағы бір қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінің финалынан тыс қалды. 
Ж.Құламбаева латвиялық Дарья Семенистаямен бірге жартылай финалда словениялықтар Далила Якупович — Ника Радишичке жол берді — 2:6, 1:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Германиядағы турнирде жарыстың 2-ракеткасын жеңгенін жазған едік. 

Сондай-ақ Александр Бублик екінші жыл қатарынан Аустриядағы турнирдің финалына шықты.