Александр Бублик Гонконг турнирінің жартылай финалына өтті

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Гонконг ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда рейтингіде 406-сатыдағы қытайлық Цзюнчэн Шанмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Бублик бет қаратпады - 6:1. Тартысты өрбіген екінші сетте тай-брейкте қарсыласынан басым түсті - 7:6 (7:2).

Бір сағат 26 минутқа созылған матчта қазақстандық спортшы 15 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Шан 3 эйспен шектелді.

Александр Бублик Гонконг додасының финалына шығу үшін америкалықтар, әлемнің 64-ракеткасы Маркос Гирон немесе рейтингіде 285-орындағы Майкл Ммоның қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Гонконг турнирінің ширек финалына жолдама алғанын жазған едік. 

Брисбен турнирінде Елена Рыбакина жартылай финалдан тыс қалды