Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші доданы екінші айналымнан бастады.
Дүниежүзілік рейтингіде 118-орында тұрған германиялық Доминик Кёпфермен кездесуде бірінші партия 6:4 есебімен Бубликтің пайдасына шешілді. Қазақстандық теннисші екінші сетте де қарқынын жоғалтқан жоқ – 6:2. Осылайша, өткен жылы 28 қазаннан бері жеңіске жетпеген А.Бублик сол сәтсіздік сериясын тоқтатты.
Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 98-ракеткасы, италиялық Маттия Беллуччи немесе рейтингіде 102-сатыдағы америкалық Александр Ковачевичтің қай жеңгенімен таласады.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 112-ракеткасы Михаил Кукушкин алғашқы айналымда рейтингіде 178-сатыдағы грузиялық Николоз Басилашвилиге жол берді – 3:6, 6:3, 0:5. Үшінші партияда М.Кукушкин матчты жалғастырудан бас тартты.
Өткен жылы Монпельеде А.Бублик үздік шыққан еді. Биыл сол атағы мен рейтингілік ұпайын қорғауы тиіс.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан капитанының Пәкістанмен матчқа жеңіс үшін шығатыны туралы айтқанын жазған болатынбыз.